Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 31 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 3334 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 мамырдағы № 813 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 813 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ы.Нұртайға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қала әкімдігінің
2015 жылғы "27" тамыз
№ 31 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
республикалық бюджет есебінен
жергілікті бюджет есебінен
1
46368
25635
20733

  Шымкент қала әкімдігінің
2015 жылғы "27" тамыз
№ 31 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
Балабақша және шағын орталық
Мектеп жанындағы шағын орталық
16026
12122

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "27" тамыз
№ 31 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
398,57
8370

      
      Ескертпе: Айына бір балаға кететін шығын 21 күнге есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады