Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 46/279-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 3470 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурызда № 52/307-V шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 04.03.2016 № 52/307-V шешiмiмен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарлатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
Т.Тулбасиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады