2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 68 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3085 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімі аппаратының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 1-01-02-377/128 хатымен)

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімі аппаратының 21.01.2016 № 1-01-02-377/128 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы қаулысына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. «Кентау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) Осы қаулыны Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) Осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н.Ташимов

Кентау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 68 қаулысымен бекітілген

2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері 

Жұмыс берушінің атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны

Қаржыландыру көздері

1

Кентау қаласы әкімдігінің «Ащысай ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту.
Ағаш көшеттерін отырғызу-100 түп.

112000 шаршы метр

54

Жергілікті бюджет

2

Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту.
Ағаш көшеттерін отырғызу-100 түп.

121000 шаршы метр.

75

Жергілікті бюджет

3

Кентау қаласы әкімдігінің «Қарнақ ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту.
Ағаш көшеттерін отырғызу-200 түп.

135000 шаршы метр.

54

Жергілікті бюджет

4

Кентау қаласы әкімдігінің «Хантағы ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көріктендіру қоқыстардан тазарту.
Ағаш көшеттерін отырғызу-150 түп.

260000 шаршы метр

54

Жергілікті бюджет

5

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

17784 сағат

70

Жергілікті бюджет

6

Кентау қаласы әкімдігі «Кентау қаласы тұрғын үй инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі


Қаладағы кондоминимум обьектісі ретінде тіркелген көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізу бойынша, пәтер иелеріне насихаттау түсіндірме үндеу парақтарын тарқатуға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

20520 сағат

81

Жергілікті бюджет

7

Кентау қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік көпшілік іс-шаралар жұмыстарына сауалнама жүргізу.

2736 сағат

10

Жергілікті бюджет

8

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көркейту және санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізу, саябақтарды күтіп баптау және тазалау.
 
 
 

432000 шаршы метр


440

Жергілікті бюджет

9

«Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Кентау

Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

34200 сағат

81

Жергілікті бюджет


қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі






10

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Кентау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» Республиқалық мемлекеттік мекемесі

Жеке тұлғалардың алынатын жер және мүлік салықтарына хабарламалар тарату

20520 сағат

81

Жергілікті бюджет


Барлығы

1000

      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады