Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаныны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 260 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қазанда № 3380 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Кентау қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне іс жүзіндегі тарифтік елу пайызы көлемінде жолақысына жеңілдік құқығы берілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 30.03.2017 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессия төрағасы М.Күнпеисов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы К.Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады