Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 260 "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаныны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 73 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 4043 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 260 "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаныны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қазанда № 3380 болып тіркелген, 2015 жылы 7 қарашада № 45 "Кентау Шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Кентау қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне іс жүзіндегі тарифтік елу пайызы көлемінде жолақысына жеңілдік құқығы берілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы М. Тұрысбеков
      Қалалық мәслихатының хатшысы Т. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады