Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 19.03.2018 № 28/153-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 382 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласы үшін көлемі 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне базалық салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 1,0 теңгеге дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Ибрагимов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | М.Ибраим |