"Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 11/73-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/230-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 3148 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 28/153-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 19.03.2018 № 28/153-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 11/73-V "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2245 тіркелген, 2013 жылғы 18 наурыздағы "Түркістан", "Туркистон" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы";

      шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/61-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2176 нөмірімен тіркелген) Түркістан қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық салық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Ибрагимов
      Қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін
      атқарушы М.Ибраим

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады