Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2484 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Алғабас" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) 9 мамыр (Жеңіс күні) - Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
7 тармағы 9) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"9) тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
9 тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) Адамның иммун тапшылығының вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | О.Мыңғышев |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Спабеков |