Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштерін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 4/25 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы: Б.Омарбеков
      Мәслихат хатшысы: М.Нахипбеков

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2016 жылғы 24 мамырдағы № 4/25
шешіміне қосымша

Бәйдібек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2484 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Алғабас" газетінде жарияланған) шешімі:
      2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 23/120 Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2622 тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Шаян" газетінде жарияланған) шешімі:
      3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 36/191 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3127 тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Шаян" газетінде жарияланған) шешімі:
      4. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 47/260 Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 20/101 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3600 тіркелген, 2016 жылғы 9 наурыздағы "Шаян" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады