Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 41/276-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3034 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 42/288-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 30.03.2015 № 42/288-V шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 152 мәлімдемесіне сәйкес, Қазығұрт аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Кадыров

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М.Момынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады