Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Шарапхана елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 42/286-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 3 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 мамырда № 3170 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Шарапхана елді мекенінің шекарасы 345,03 гектарға ортақ пайдаланудағы жайылым 3,0 гектар жер қосылып, елді мекеннің аумағы 348,03 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Кадыров
      Аудан әкімі Б.Кыстауов
      Аудандық мәслихат
      хатшысының қызметін
      уақытша атқарушы Ж.Карабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады