Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39-237-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда № 3021 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-253-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 42-253-V шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 769 мәлiмдемесiне сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      Е.Ералиев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              О.Дәндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады