Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мақтаарал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 28-150-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2573 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Мақтаарал" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 9 мамыр (Жеңіс күні): Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) қайталап некеге отырмаған ата-анасына, зайыбына (жұбайына), біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
9 тармағы мынадай 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) атаулы әлеуметтік көмек алатын аудан тұрғындарын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Ұлттық телехабар тарату қызметтеріне қосуды қамтамасыз етуге, біржолғы 15,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) Адамның Имун Тапшылығының Вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған Имун Тапшылығының Синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: |
Е.Ералиев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: |
О.Дәндібаев |