«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 15 шілдедегі қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданының Абай ауыл округі әкімінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 «Ауыл көшелеріне атаулар беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-7-128 тіркелген, 2010 жылдың 2011 жылғы 15 қаңтардағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «Жібек жолы» деген сөздер тиісінше «Серік Жүнісов» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімінің міндетін
уақытша атқарушысы Н.Танабаев