Ордабасы ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 96 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 44/3 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 тамызда № 3305 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 15 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі және Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
      1) 61,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөген ауыл округі Бөген елді мекенінің жалпы ауданы 1066,98 гектар;
      2) 6,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан елді мекенінің жалпы ауданы 2908,92 гектар;
      3) 2,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Боралдай елді мекенінің жалпы ауданы 373,13 гектар;
      4) 9,3 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Аққойлы елді мекенінің жалпы ауданы 163,9 гектар;
      5) 3,45 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Береке елді мекенінің жалпы ауданы 169,92 гектар;
      6) 2,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Сарыарық елді мекенінің жалпы ауданы 288,35 гектар;
      7) 3,2 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Мақташы елді мекенінің жалпы ауданы 314,4 гектар;
      8) 3,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Берген елді мекенінің жалпы ауданы 238,67 гектар;
      9) 0,40 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ықыластемір елді мекенінің жалпы ауданы 320,64 гектар;
      10) 0,31 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Мамыр елді мекенінің жалпы ауданы 87,22 гектар болып өзгертілсін.
      2. Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Сапарбаев

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Т.Ибрагимов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Садвахасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады