"Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 33 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 3003 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 26.05.2016 № 208 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
      Аудан әкімі А.Аймұрзаев

  Cозақ ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 33 қаулысына қосымша

"Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Созақ ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, аудан әкімі және әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі-1, 16 үй, пошталық индексі 161000.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы- "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы:
      "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Созақ ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
      2) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
      3) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мүдделерін білдіреді;
      2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзеді;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзеді;
      4) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымды адамдарды қызметіне тағайындайды және қызметiнен босатады;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      8) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;
      9) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
      10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
      15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
      16) аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
      17) аудан бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;
      18) ауданның тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      19) ауданның бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды;
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;
      20) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;
      21) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      22) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      23) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
      24) заң актілеріне сәйкес аудандық коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      25) кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;
      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      27) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      28) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      29) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      30) осы ауданның аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
      31) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      32) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
      33) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      34) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
      35) аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      36) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
      37) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      38) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
      39) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
      40) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
      41) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      42) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      43) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
      44) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      45) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;
      47) аудан аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
      48) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
      49) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
      49-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
      49-2) аудан әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді;
      49-3) аудан әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді;
      50) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      51) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      52) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
      53) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
      54) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
      55) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;
      56) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
      57) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
      58) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
      59) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      60) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
      61) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
      62) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      63) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      64) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыры шегінде оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінен шаралар қабылдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға аппараттың, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болады;
      2) дара басшылық ету принциптерінде іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген өз құзыретіне сәйкес "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін дербес шешеді;
      3) "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
      4) барлық органдар мен ұйымдарда "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      5) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;
      6) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
      7) банктік шоттар ашады;
      8) бұйрықтар шығарады және "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;
      9) "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің және штат құрылымының жобаларын бекітеді;
      10) "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар туралы ережелерді және "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      11) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;
      12) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, облыс және аудан әкімдігі қаулыларын және облыс, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерін орындау жөнінен "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;
      13) "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындау, босату, демалыс беру, іссапарға шығару, сыйақы беру, тәртіптік жаза қолдану жөнінде бұйрықтар шығарады;
      14) "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау, босату, оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;
      15) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Созақ ауданы әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады