Ленгер қаласы М.Бишимбаева көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 22 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3133 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімінің 26.05.2015 № 38 шешімімен.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 01-13/49 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ленгер қаласы, М.Бишимбаева көшесінің № 76 үй тұрғыны С.Халыбековтың итінің құтырма ауруымен ауруына байланысты М.Бишимбаева көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ленгер қаласы әкімінің орынбасары Қ.Татыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ленгер қаласы әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Б.Ешімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады