Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 39/6-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3130 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 49/4-05 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас аудандық мәслихатының 20.01.2016 № 49/4-05 шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл- желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түлкібас ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Қалдыкөзов
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы А.Сапаров

  Түлкібас аудандық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы № 39/6-05
шешімімен бекітілген

Түлкібас ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Түлкібас ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін белгілейді.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу Түлкібас ауданы әкімдігіне өтініш беріледі.
      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның Түлкібас ауданы әкімдігінде тіркелген күнінен бастап есептеледі.
      5. Түлкібас ауданы әкімдігіне басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жері ұсынады.
      6. Аудан әкімдігі өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.
      7. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтау қажет.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудегі жауапкершілік

      8. Уәкілдер (ұйымдастырушылар) осы тәртіпте көзделген нормаларды бұзғаны үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
      9. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады