"Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 204 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 3192 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 206 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3008 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Шартарап Шарайна" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Муталиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К.Айтуреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады