"Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы N 21 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда N 3685 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.05.2017 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2 - тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 - бабының 7) тармақшасына, 164 - бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы (Н. Т. Тоқсейітов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" ақпандағы
№ 21 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын және Шығыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. "Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 үй.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Шығыс Қазақстан облысы аумағының эпизоотиялық қолайлығын қамтамасыз етуге, экономиканың өсуі жағдайында мал шаруашылығының экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ветеринария саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      14. Мiндеттерi:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерден аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
      15. Функциялары:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдері жобаларын әзірлеу;
      4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдері жобаларын әзірлеу;
      5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
      6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдері жобаларын әзірлеу;
      7) уәкілетті органмен келісім бойынша облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      8) облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      13) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      14) облыс шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      15) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      16) облыс шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      17) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      18) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, облыс шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      19) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      20) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      21) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
      22) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      23) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      24) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      25) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      26) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      27) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдері жобаларын әзірлеу;
      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      16. Құқықтары және міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрайды және алады;
      2) ведомстволық қарасты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар;
      4) "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз функцияларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесi атынан сенiмхатсыз іс-әрекет етедi;
      2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүддесiн бiлдiредi;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенiмхаттар бередi;
      5) банк шоттарын ашады;
      6) "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің лауазымды тұлғаларын және өзге де қызметкерлерiн, сондай-ақ, "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне қарасты ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      8) "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлеріне және "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басшысы тағайындайтын басқа да қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      9) өз орынбасарының және "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
      11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызметке теңдей қол жеткiзуін қамтамасыз етеді;
      12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      "Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады