Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерінде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін арттыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі N 27/331-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда N 3951 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 07 қазандағы N 32/391-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2015 N 32/391-V шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 530-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерінде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері жарнама объектісінің орналасқан жеріне қарай қосымшаға сәйкес арттырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Сессия төрағасы

А. Уразов

Шығыс Қазақстан облыстық



мәслихатының хатшысы

Г. Пинчук

   



Шығыс Қазақстан


облыстық мәслихатының


2015 жылғы 17 сәуірдегі


№ 27/331-V шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерінде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша төлемақы мөлшерлемелері

Рет №
 
 

Жарнама түрлері
 
 

Жылжымайтын объектілерге төлемақы мөлшерлемелері (бір жағы үшін) (АЕК)
 
 

Облыстық маңызы бар қалалар және жолдар
 
 

1
 
 

2
 
 

3
 
 

1.
 
 

Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:
 
 


1.1.
 
 

10-нан 20 ш.м. дейін
 
 

20
 
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады