1. Осы шешімге және қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Ушаново ауылдық округінің Комсомольское ауылының жалпы алаңы 334 гектар, оның ішінде 63 гектар елдi мекендердің жері, 22,94 гектар өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер, 91,59 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 156,47 гектар босалқы жерлерді Өскемен қаласының шегіне берумен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекаралары өзгертілсін.
2. Өскемен қаласының және Глубокое ауданының әкімдері жер–есебі құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы шешім және қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
Н. Омаров | Д. Ахметов |
Облыстық мәслихат | |
хатшысы Г. Пинчук |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы " 22 " маусымдағы № 149 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы " 1 " шілдедегі № 29/354-V шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерінің Өскемен қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы
Аудан | Ауыл | Өскемен қаласының | оның ішінде: | |||
Елдi | өнеркәсiп, көлiк, | ауыл шаруашылығы | босалқы жерлер | |||
Глубокое | Ушаново ауылдық округінің Комсомольское ауылы | 334 | 63 | 22,94 | 91,59 | 156,47 |
Барлық жерлер: | 334 |