Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 556 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген ауданның жерлерінен жалпы алаңы 334 гектар жерінің бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне қосу жолымен «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/143-V шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 150 қаулысына келісім берілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 556 қаулысына  
қосымша        

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерінің Өскемен
қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы

Аудан атауы

Ауыл атауы

Өскемен қаласының шегіне қосылатын жерлер алаңы  (гектар)

Оның ішінде:

елдi мекендердiң жері

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

босалқы жерлер

Глубокое

Ушаново ауылдық округінің Комсомольское ауылы

334

63

22,94

91,59

156,47

Барлық жерлер:

334

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады