Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.12.2017 № 324 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.А. Гариковке жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "4" тамыздағы № 194 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2) жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жол саласын реттеу және басқару;
15. Функциялары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
2) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
4) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келiсу;
5) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің тiзiлiмiн жүргiзу;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
7) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
8) жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
10) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;
11) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру;
12) механикалық көлікті және оның тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
13) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
14) ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы темір жол қатынастарын айқындау;
15) облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтін авиабағыттарды субсидиялауды жүзеге асыру;
16) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
17) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
18) автомобиль жолы саласында және жол қызметінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
19) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
20) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;
21) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
22) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру жөнінде ұсыныс әзірлеу және шешім қабылдау үшін облыс әкімдігіне енгізу;
24) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
25) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
26) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану жөнінде ұсыныс әзірлеу және шешім қабылдау үшін облыс әкімдігіне енгізу;
27) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
28) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
29) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан заңнамада көзделген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныс енгізу;
3) Қазақстан Рекспубликасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
4) "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің функцияларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізуді үйлестіреді, "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) мемлекеттік басқару органы "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және аттестаттауды жүргізеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелейді;
4) жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында жеке және заңды тұлғалардың арыздарын, шағымдарын, ұсыныстары мен өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды;
5) "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
6) "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, меншік түріне қарамастан, Қазақстан Республкасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
9) сенімхаттар береді;
10) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
12) "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.4. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
"Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қаржыландыру жоспарымен бөлінген қаражатқа сатып алынған мүліктен қалыптасады.
21. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық (облыстық) меншікке жатады.22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "ОблШығысЖол" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.