"Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 9811 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 наурызда № 3721 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕД І:
      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "24" 02
№ 9811 қаулысымен
бекітілген

"Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. нияа город
      2. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37а, индексі 070018.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеубөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу.
      14. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша халыққа құқықтық көмек көрсету;
      2) мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету.
      15. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша құжаттаманы сақтауды және мұрағат қорын өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
      5) мекеменің құзіреті шегінде қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтык актілерінің жобаларын әзірлеу;
      6) мәселелерді қарау барысында құзыреті шегінде барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:      
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптардың сақталуымен мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген мерзімінде қажетті ақпарат пен құжаттар сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
      3) мекеме құзыретінің мәселесіне қатысты отырыстарға, жиналыстарға, кеңестерге қатысу;
      4) облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала әкімдері орынбасарларының тапсырмалары мен өкімдерін орындау;
      5) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      6) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      21. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады