"Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 10431 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 3850 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақтан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "02" 04
№ 10431 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
      6. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекiтiледi.
      8. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Меновной ауылы, Максим Горький көшесі, 11а, индексі 070012.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі мiндеттерi:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      2) тұрғындар денсаулығын жануарлар және адамдар арасындағы ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринарлық-санитарлық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету;
      15. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) жануарларды ұстау ережелерінің, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерінің, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерінің, жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтарын белгілеу бойынша ұсыныстардың жобаларын әзірлеу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) мал қорымдарының (биотермиялық орлардың) құрылысын ұйымдастыру және олардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес ұсталуын қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
      5) ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеуге;
      7) мал мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлар өнімдері мен жануарлардан алынатын шикізатты алып қоймай-ақ залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) қала аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары шыққан жағдайда қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу қою шараларын белгілеу туралы ұсынымдар енгізу;
      9) қала аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары ошақтарын жою бойынша ветеринариялық шаралар кешені жүргізілгеннен кейін қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы туралы шектеу қою шараларын немесе карантинді алу ұсынымдарын енгізу;
      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін қалыптастыру;
      11) қала шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      12) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      13) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      14) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      15) мал қорымдарын (биотермиялық орлардың), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      16) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      17) қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      18) жануарлардың аса қауіпті ауруларының уәкілетті органмен тізбесі бойынша бекітілген, сондай-ақ жануарлардың басқа ауруларының алдын алу, диагностика үшін биологиялық материалдан сынама алу және жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
      19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніңдегі дерекқор жүргізу іс-шараларын ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және ақпаратты облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      21) ветеринариялық есеп пен есептілікті облыстың жергілікті атқарушы органына беру үшін жинақтау, талдау;
      22) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу ветеринариялық іс-шаралар бойынша оларды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;
      23) алдын алу және диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асатын жануарлардың энзоотикалық ауруларының тізбесі бойынша оларды облыстық жергілікті атқарушы органына енгізу үшін ұсынымдар әзірлеу;
      24) республикалық қордан басқа ветеринарлық препараттарды бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттардың сақтауын ұйымдастыру;
      25) қала аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу үшін ұсынымдар әзірлеу;
      26) ауру жануарларды санитарлық жолмен союды ұйымдастыру;
      27) қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының келісімі бойынша ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орын айырбастау) маршруттарын (мал айдайтын трассалық) жасау;
      28) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.11.2015 N 13623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      29) мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік актілерінің жобасын әзірлеу;
      30) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.11.2015 N 13623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген мерзімде мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан және ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілердің талаптарын сақтаумен ақпарат сұрауға және алуға;
      2) мекеме құзыретіне қатысты әкімдік отырысына мәселелер, ұсыныстар, ақпараттар, шешімдердің жобаларын енгізу;
      3) мекеме құзыретінің мәселесіне қатысты отырыстарға, жиналыстарға, кеңестерге қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыру;
      5) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде, тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке дайындайды және қызметтен босатады.
      19 "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшсыының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
      20. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзіретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      6) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған оған меншік иесі берген мүлік, және өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады