РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "27" 03 № 10405 қаулысымен бекітілген |
"Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағанда тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, индексі 070019.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.14. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері: тұрғын үй қорын пайдалануға беру және ұстау бойынша шараларды ұйымдастыру;
15. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) төмендегілерге мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру:
кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта жапсарлас аумақта үй (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін жөндеу және пайдалану, ұстау тәртібін сақтау;
тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттар) үйлердегі ыстық-, энергия-, газ-, және суресурстары ортақ есеп жүргізу аспаптарын бар болуы;
кондоминиум объектісінде жай иелерінің ортақ мүлігінің техникалық жағдайында және оның инженерлік құралдарына, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күте және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытында орындалуына;
тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылдаған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуына;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына.
2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамалық актісінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен қарастырылған жағдайда кондоминиум объектілеріне қызмет көрсететін ұйымды анықтау;
4) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау;
7) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісімдеу;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде комиссияларға қатысу;
9) тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетуі.
10) мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
16. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:
1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар;
3) кондоминиум құрылған күнінен бастап бір ай мерзімде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген ретте үш ай мерзімге кондоминиум объектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындайды;
4) заңнамамен белгілінген тәртіпте біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұрғын үй инспекциясы үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуға құқылы;
5) тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселені шеше отырып, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық жасауға құқылы;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестерімен, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субъектісімен иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру;
7) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
9) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамассыз ету;
10) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
11) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдарды шығару;;
12) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулермен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.