РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Өскемен қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі 29/7-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3357 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда № 22 "Өскемен" және № 22 "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) шешімімен бекітілген Өскемен қалалық мәслихатының регламентіне келесі өзгеріс енгізілсін:
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | А. Кузнецов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Абакумов |