РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "27" _10_№ 13393 қаулысымен бекітілген |
"Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелері
1. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгідегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер ол заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
8. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, пошталық ин-дексі 070002.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
13. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына әр түрлі көмек көрсету.14. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) халықтың әлеуметтік әлсіз тобын әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
2) халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға көмектесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
3) мемлекеттік және арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) ведомствоға қарасты мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіру.
15. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) әлеуметтік-еңбек саласында және халықты әлеуметтік қорғау саласында стандарттарға сәйкес мемлекеттік және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
2) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу бойынша шараларды жүзеге асыру;
3) қаланың мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмегін көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4) мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында алты айдан кем емес еңбек еткен тұлғаларда жұмыс өтілін белгілеу бойынша арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
6) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды, жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын, тылда еңбек еткен және әскери қызметінен өткен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс;
7) Семей ядролық полигонының ядролық сынақтарының салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға куәліктер беру жөніндегі арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру;
8) жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою, жұмыссызды есептен шығару;
9) азаматтарға және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы, жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлау;
10) азаматтарға және жұмыссыздарға жұмыс таңдауда ықпал ету, жұмысқа орналасу үшін жолдамалар беру;
11) еңбек нарығы бойынша дерекқорды қалыптастыру;
12) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету бойынша жұмыс;
13) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жолдау бойынша жұмыс;
14) жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша жұмыс;
15) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс;
16) аз қамтылғандар қатарынан жұмыссыздарды, жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейін бала күтімімен айналысатын адамдарды кәсіптік дайындықты, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс;
17) жұмыссызға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;
18) халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға ықпал етуді ұйымдастыру бойынша жұмыс;
19) қала әкімдігінің қарауына нысаналы топтарды анықтау және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласында жұмысты ұйымдастыру;
21) қала әкімдігінің қарауына мүгедектерге арналған жұмыс орындар квотасын жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгілеу туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
22) қала әкімдігінің қарауына қылмыстық-атқарушы инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
23) қала әкімдігінің қарауына интернатты ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
24) іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі іс-әрекетке қабілетті кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғау және қамқорлық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
25) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге функцияларды жүзеге асыру.
16. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу;
2) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
3) жұмыс берушілерде жұмыс күшіне сұранысы болған жағдайда азаматтарды және жұмыссыздарды жолдау;
4) еңбек делдалдығын көрсету;
5) өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мекемеге жүктелген функцияларды және міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
6) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде семинарларды, кеңес берулерді, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
7) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкерты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын оның құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңестерді белгіленген тәртіпте шақырады;
мекеме жұмысшыларының өкілеттіктерін анықтайды;
барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіліктерін оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оған мүлкі меншік иесімен берілген мүлік және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ