"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 қазанда N 42/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қарашада № 4223 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 20.09.2018 № 35/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3451 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда № 34 "Өскемен" және № 34 "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 12480 (он екі мың төрт жүз сексен) теңге мөлшерінде берілсін.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кикина
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Абакумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады