Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 қазанда № 5-1-200 болып тіркелді. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 28.08.2020 № 60/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі. Қолданысы 01.10.2020 дейін тоқтатылған – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 30.04.2020 № 55/3-VI шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО –ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 25 920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 15.11.2019 № 51/5-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдауды алу үшін жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) еркін нысандағы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады;

      3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға:

      көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Өскемен қаласынан тыс ауылды жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 15.11.2019 № 51/5-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ю. Миронова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 35/7-VI шешіміне қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3451 болып тіркелген, 2014 жылы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 42/4-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4223 болып тіркелген, 2015 жылы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 10/6-VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4715 болып тіркелген, 2016 жылы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Өскемен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 13 қазандағы № 23/7-VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5273 болып тіркелген, 2017 жылы 7 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады