Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV Курчатов қалалық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-94 нөмірімен тіркелген, облыстық "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1-бөлімнің 2-тармағының 1-азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Сұлтанов |
Курчатов қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |