"Курчатов қалалық мәслихатының регламенті туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/152-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 37/271-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 4098 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 3/18-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 11.05.2016 № 3/18-VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Курчатов қалалық мәслихатының регламенті туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/152-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3254 нөмірімен тіркелген, облыстық "7 дней" газетінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 21 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Курчатов қалалық мәслихатының регламентінде:
       7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Курчатов қалалық мәслихатының кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.";
       8-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. Дмитропавленко
      Курчатов қалалық мәслихаты хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Л. Киселева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады