Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 28.05.2024 № 14/8-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.10.2022 № 20/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.06.2020 № 43/2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.10.2022 № 20/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.10.2022 № 20/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О.БЕЛЯЕВ |
Қалалық мәслихатының хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |
Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне 1-қосымша |
Ескерту. Оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.10.2022 № 20/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.10.2022 № 20/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Риддер қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 05.05.2023 № 2/16-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3 Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 05.05.2023 № 2/16-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкілді органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. Оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.10.2022 № 20/4-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған шешімдер тізімі
1. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 02 мамырында № 5-4-168 тіркелді, 2012 жылдың 08 мамырында № 18 "Риддерские вести" газетінде жарияланды);
2. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/10-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2013 жылдың 17 қаңтарында № 2825 тіркелді, 2013 жылдың 01 ақпанда №18 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды);
3. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/4-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылдың 23 қаңтарында № 3181 тіркелді, 2014 жылдың 07 ақпанда №6 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды);
4. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылдың 27 наурызында № 3210 тіркелді, 2014 жылдың 04 сәуірінде № 14 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды);
5. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылдың 04 тамызында № 3436 тіркелді, 2014 жылдың 21 тамызында № 34 "Мой город Риддер" газетінде жарияланды);
6. "Риддер қаласында тұрғын-үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V Риддер қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2015 жылдың 21 қаңтарында № 3645 тіркелді, 2015 жылдың 13 ақпанында № 7 "Лениногорская правда" газетінде жарияланды).