Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2012 жылғы 02 мамырда N 5-4-168 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы N 31/2-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 16.02.2015 N 31/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 23/4-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесін", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасын", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Риддер қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 23/4-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      "Тұрғын-үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI:
      Ескерту. Бастама жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 24.12.2014 № 30/6-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Қоса берілген Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағида бекітілсін.
      2. Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 25/7-IV "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 21 мамырында № 5-4-132 тіркелген, 2010 жылғы 04 маусымдағы № 25 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған), Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 36/8-IV "2010 жылғы 16 сәуірдегі № 25/7-IV "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешімге өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 25 қазанында № 5-4-155 тіркелген, 2011 жылдың 03 қарашадағы № 44 "Мой город Риддер" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 01 сәуірінен бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.

      Кезектен тыс сессия төрағасы О. Беляев
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

  Риддер қалалық мәслихатының 
ІІІ сессиясының 2012 жылғы
16 сәуірдегі № 3/3-IV шешімімен
бекітілген

Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы қағида 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Риддер қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi және тәртiбi туралы Қағидасын бекiту туралы (бұдан әрi – Қағида) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету көлемi мен тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 23/4-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының жиынтық кiрiсiне 10% мөлшерінде тағайындалады.
      4. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiленген шығыстарының шекті жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 23/4-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      5. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйді жалға беруші (аренда) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
      6. Жұмысқа қабілетті жұмыс істемейтін, оқудың күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасы тұрғын үй көмегін алуға құқықты емес, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      1) 50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);
      2) І, ІІ топтағы мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
      3) 16 жасқа дейінгі жастағы мүгедек-балаларды, 80 жастан асқан тұлғаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
      4) 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын тұлғалар;
      5) 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;
      6) мүгедектік тобы жоқ, бірақ туберкулездік, наркологиялық және онкологиялық аурулармен есепте тұрған азаматтар.
      Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында есептелмейді.
      7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініш тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі мамандармен әзірленген кестеге сәйкес тоқсан ішінде қабылданады. Отбасының табысы туралы анықтамалар, коммуналдық қызметтердің, байланыс қызметтерінің төлемі, тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп ұстау шығындары туралы түбіртектер өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанға ұсынылады. Өткен тоқсанға коммуналдық қызметтер төленбеген немесе жартылай төленген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Тұрғын үй көмегін алу үшін бірінші рет жүгінген және өтінген кезде коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтері төлемі бойынша берешектері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін алушы ретінде есепке қойған уақыттан бастап коммуналдық қызметтерді уақтылы төлеген жағдайда қызмет көрсететіндердің тарифтері бойынша қарыздарына қарамастан тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 21.12.2012 № 11/10-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 20.12.2013 № 23/4-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      8. Тұрғын үй көмегі жылыту мерзімінде ыстық су және орталықтандырылған жылу жүйесі қосылмаған және пәтерді жылыту автономды жылыту құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын үйлердегі пәтер иелеріне тағайындалады. Мұндай жағдайда электрэнергия үшін төлем сомасын қызмет көрсететіндердің тарифтері және тұрғын үй ауданының нормасына сәйкес жылу мен ыстық су төлемінің балама сомасында есептеу.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шаралар қабылданады:
      1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ жұбайы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі жұбайының тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің үйінде, ата-аналары басқа жерде тіркелген және ата-аналық құқығынан айырылмаған 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, баланың ата-анасының табыстары ескеріледі;
      3) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына хабарламаса – тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      10. Зейнеткерлер мен мүгедектердi (жалғыз басты немесе бiрге тұратын), сонымен қатар құрамында тұл жетiмдерi бар отбасыларға қолдау мақсатында тұрғын үй көмегiн есептеу және құқығын белгiлеу барысында кiрiс тиiстi қаржылық жылға тағайындалған екi айлық көрсеткiшке түзетiледi (азайтылады).
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) не сенімхат бойынша оның өкілі:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына (бұдан әрі - ХҚО);
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан ары - портал) өтінішпен барады.
      Тұрғын үй көмегі үшін ХҚО-на немесе порталға өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі ұсынылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 24.12.2014 № 30/6-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      12. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік 10 күн ішінде өз тұрғын үйінің жеке меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы тұрғын үй көмегі қызметін ақпараттандырады.
      Тұрғын үй жәрдемақысының негізсіз алынған сомасы, алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтаруға жатады.
      3. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
      13. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылу маусымына беріледі.
      14. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеу тоқсан алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қала, аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен ұсынылған орташа баға қолданылсын.
      15. Тұрғын үй көмегін есептеген ретте жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде қолданылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормасын, көмірдің құны мен шығынның эквивалентті нормасына есептелсін. Отын сатып алғаны туралы түбіртек болмаған жағдайда өтініш толтырылады.
      16. Көмір сатып алу маусымдығына байланысты, тұрғын үй көмегін есептеген ретте тұрғын үйге көмірдің барлық әлеуметтік шығын нормасы (көмірдің құны) жүгінген тоқсанның үш айына бір уақытта есептелсін.
      17. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үйлерде тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанға есептелсін.
      4. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік нормалар және нормативтер
      18. Аумақтың нормалары:
      1) жалғыз тұратын азаматтар үшін - 40 шаршы метрден артық емес;
      2) екі адамнан тұратын отбасы үшін – 50 шаршы метр;
      3) үш адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
      4) төрт және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 18 шаршы метрден, бірақ 100 шаршы метрден артық емес.
      19. Айына бір адамға газдың шығын нормасы - 7,6 кг.
      20. Лифтіні пайдалану нормасы – бір адамнан 300 теңге.
      21. Электрэнергиясын пайдалану нормасы - әрқайсысына 90 кВт.
      22. Көмірдің шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы қажет.
      23. Сумен қамту, жылумен қамту, қоқысты шығару, лифтіге қызмет көрсету бойынша тұтыну нормативтері және олардың тарифтері, және тұрғын үйді ұстау шығындары Риддер қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен ұсынылады.
      Коммуналдық қызметтер шығындарын есептеу құралдары (суды пайдалану, газды пайдалану) болған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, бірақ әрекеттегі нормадан артық емес.
      24. Тұрғын үй көмегін алушыларға телекоммуникация қызметін көрсету үшін абоненттік төлем тарифінің өсуі өтемақысының мөлшері 2004 жылы қыркүйекте бекітілген абоненттік төлем және өтініш берген кездегі әрекеттегі абоненттік төлем арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
      5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
      25. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына қаланың бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылады.
      26. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың ұсынған шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады