Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы N 24/7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда N 3210 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы N 31/2-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 16.02.2015 N 31/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-168 тіркелген, 2012 жылғы 8 мамырында № 18 "Риддерские вести" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      11 тармақтың 3 тармақшасы келесі рекдакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. БЕЛЯЕВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады