Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі N 28/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 тамызда N 3436 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы N 31/2-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 16.02.2015 N 31/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңның 97 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-168 тіркелген, 2012 жылғы 08 мамырдағы № 18 "Риддерские вести" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешім кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тұрғын үй көмегiн беру Ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасында:
      7 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтiнiш тұрғын үй көмегiн тағайындау жөнiндегi мамандармен әзiрленген кестеге сәйкес тоқсан iшiнде қабылданады. Отбасының табысы туралы анықтамалар, коммуналдық қызметтердiң, байланыс қызметтерiнiң төлемi, тұрғын үйдi (тұрғын үй ғимаратын) күтiп ұстау шығындары туралы түбiртектер өтiнiш берген тоқсан алдындағы тоқсанға ұсынылады. Өткен тоқсанға коммуналдық қызметтер төленбеген немесе жартылай төленген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.";
      12 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "12. Тұрғын үй жәрдемақысының негiзсiз алынған сомасы, алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтаруға жатады.";
      15 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "15. Ұсынылған құжаттарға сәйкес, тұрғын үй көмегiн есептеген ретте жергiлiктi жылытатын жеке меншiк үйлерде қолданылатын отынның басқа түрлерiнiң құны мен шығын нормасын, көмiрдiң құны мен шығынның эквиваленттi нормасына есептелсiн.";
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Замятин
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады