"Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-IV шешімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11/10-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 2825 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы N 31/2-V шешімімен

       Ескерту. . Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 16.02.2015 N 31/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/3-V "Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-168 тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушыларды (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      7 тармақ келесі мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылсын:
      "Дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны бойынша шығындар жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұрып жатқан отбасылар (азаматтар) үшін өтініш берілген тоқсан алдындағы өткен тоқсан үшін, ал жеке тұрғын үйде тұрып жатқан отбасылар (азаматтар) үшін өтініш берілген тоқсан алдындағы соңғы 12 ай үшін есепке алынады.";
      11 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеу түбіртек-шоты.".
      2. Осы шешімнің 1-тармағының жетінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарының 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және осы шешімнің 1-тармағының тоғызыншы және оныншы жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы Н. Замятин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады