"Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 4087 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 30.11.2020 № 49/5-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі), Кодексінің 387 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-106 тіркелген, "Лениногорская правда" газетінінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешім кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі), Кодексінің 387 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      2 тармағы алынып тасталсын;

      3 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В.ОСИПОВ

Қалалық мәслихат хатшысы

И.ПАНЧЕНКО


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады