"Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1326 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қаңтарда № 4374 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 03.05.2016 № 338 қаулысымен (қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 2016 жылғы 18 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124,164-баптарына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қoca берiлiп отырған "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсiн. 
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

  Риддер қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "28" желтоқсан
№ 1326 қаулысына қосымша

"Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қала әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру – құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің мөрі мен мөртаңбасы, бланкілері сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
      4. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға кіруге құқығы бар.
      6. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген заңнама тәртібінде өзінің құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамасымен ресімделген "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілерімен шешімдерді қабылдайды. 
      7. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 
      13. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      15. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала әкімінің қызметін сапалы ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
      16. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қала әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету; 
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының актілерінің және тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылау жасауды жүзеге асыру; 
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімнің және әкімдігінің қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
      17. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары: 
      1) әкімдіктің және "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жұмысына талдау жүргізеді, облыс әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
      3) әкімінің, әкімдіктің, "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
      4) әкімнің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін тіркеуді және олардың құқықтық мониторингін қамтамасыз ету;
      5) қала әкімінің аппараты құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және осы мәселе бойынша қала әкімін ақпараттандыру;
      6) "Риддер қаласы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің жұмысын, әкімдік отырыстарының, мәжілістердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру;
      7) әкім шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларын, әкім аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу;
      8) қала әкімі және әкімдіктің қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін актілерін өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату, жою туралы қала әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      9) әкімнің, әкімдіктің, "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;
      10) әкім және әкімдік жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, қала әкімі аппаратының жанындағы комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді;
      11) қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімінің және оның орынбасарларының мәжілістерін, "Бақылау күндерін", құқықтық жалпыға міндетті оқытуды және өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады, материалдарды, мәжіліс хаттамаларын ресімдеу және таратуды жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдарының, сонымен қатар облыс, қала әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру
      13) қаланың мемлекеттік органдарымен және "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі арасындағы ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;
      14) әкімнің, әкімдіктің, "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді, сонымен қатар, құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз ету;
      15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
      16) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыратын әкімдіктің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      17) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көмек көрсету;
      18) мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының азаматтарды жеке қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру;
      20) негізгі қызмет бағыты бойынша қаланың атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      18. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы ережеде қаралған негізгі тапсырмалар мен функцияларын іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан өзінің құзыреті шегінде қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктеме беруге;
      3) қала әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте атқарушы органдардың, сондай–ақ олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жұмыстарын тексеруді жүзеге асыруға;
      4) қала әкімінің аппаратында атқарушылық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру;
      5) қалалық мәслихат аппаратымен өзара іс-әрекетте болу;
      6) Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. Қала әкімі аппаратына басшылықты, "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады.
      20. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21) "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысында орынбасар болмайды.
      22. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі: 
      1) "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің регламентіне сәйкес техникалық жұмысшыларды жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, бұйрықтарға қол қояды; 
      2) өз құзіретінің шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      3) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      4) "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      5) "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      6) Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және осы үшін дербес жауапты болады;
      7) заңнамада белгіленген тәртіпте "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      8) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      9) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болуы мүмкін. 
      "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
      24. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік комуналдық меншікке жатады;
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады