Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер" туралы Заңының 21 бабына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 888 "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3753 болып 2015 жылғы 19 наурызында тіркелген, "Абай-елі" газетінде № 12 (324) 23-31 наурыз 2015 жылғы санында жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
"2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімде:
17 тармағының 1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары алынып тасталынсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Еділбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Т. Мүсәпірбеков |