"2015-2017 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/206-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы N 33/233-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 наурызда N 3717 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 43/312-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 23.12.2015 N 43/312-V шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2015-2017 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/206-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3609 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2015 жылдың 14 қаңтарында 4 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
       4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленсін.
      Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды".
      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж.Дюсембаев
      Аягөз аудандық
      мәслихатының хатшысы Т.Бозтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады