Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 32/223-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы N 34/240-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде N 3868 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 54/505-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 08.12.2020 № 54/505-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы №32/223-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3688 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2015 жылдың 7 наурызында 19-20 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      7 тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтымайтын және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Унербаев
      Аягөз аудандық
      мәслихатының хатшысы Т.Бозтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады