"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 79 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 3859 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 маусымдағы № 220 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 08.06.2016 № 220 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Сыдықов

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2015 жылғы "13" наурыздағы
№ 79 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Бесқарағай ауданы аумағында ветеринария саласына басшылықты жүзеге асырады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкина көшесі, 2 а.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Бесқарағай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      15. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Бесқарағай ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) шығарылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 22.04.2015 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
      5) шығарылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 22.04.2015 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастырады;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандырады) және қайта өңдейді;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтейді;
      9) шығарылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 22.04.2015 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      10) шығарылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 22.04.2015 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      11) шығарылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 22.04.2015 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) Бесқарағай ауданының шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзеді;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      iшкi сауда объектiлерiнде;
      жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды;
      18) Бесқарағай ауданы аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
      19) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындайды және облыстың жергiлiктi атқарушы органына ақпарат береді;
      22) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      23) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
      24) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 22.04.2015 № 135 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырылады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бесқарағай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Бесқарағай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бесқарағай ауданының ветеринариялық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады