"Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 96 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3910 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 21.06.2016 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабы 2–тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Сыдықов

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2015 жылғы "30" наурыз
№ 96 қаулысына қосымша

"Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілеріне, сондай–ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
      3. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің мөрі мен мөртаңбасы, бланкілері сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
      4. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық–құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық–құқықтық қатынастарға кіруге құқығы бар.
      6. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген заңнама тәртібінде өзінің құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамасымен ресімделген аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілерімен шешімдерді қабылдайды.
      7. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның мекен–жайы: 070300 Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин, 144 көшесі.
      9. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік органның толық атауы – "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет оның атынан Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органы болып табылады.
      11. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функцияларын орындау үшін кәсіпкерлер міндетін орындауда субъектілерімен шарттық қатынасқа енуге тыйым салынады.
      13. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
міндеттері мен құқықтары, функциялары, миссиясы

      14. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігі және әкімінің қызметтерін ақпараттық–талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету.
      15. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттер:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендігін қорғау мен нығайту саясатын жүргізу, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы, конституциялық құрылысы, азаматтардың құқығы мен бостандығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік–экономикалық стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік–экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік үдерістерді басқару;
      3) Конституциялық принципте қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты іске асыру, демократиялық тәсілмен мемлекеттік өмірде неғұрлым маңызды мәселелерді шешу.
      16. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың атқару тәртібінің жағдайына талдау жасайды;
      2) әкімдік отырыстарын, кеңестерін, семинарлар мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығы мен өткізуін ұйымдастырады, әкімдік мүшелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік отырыстарында қарауға арналған тоқсан сайынғы мәселелер тізімін құрастырады;
      3) әкімдіктің ісін жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келетін ақпаратты, сондай-ақ, Бесқарағай ауданы әкімдігінің және әкімінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинақтайды, өндеуін қамтамасыз етеді;
      4) әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      6) аудан әкіміне бағынышты мемлекеттік басқару органдардың өзара іс-әрекет жасауын қамтамасыз етеді және қызметін үйлестіреді;
      7) әкім және әкімдіктің қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін актілерін өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату, жою туралы аудан әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      8) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыратын әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді;
      9) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен Қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрлар мониторингін жүзеге асырады;
      10) әкім және әкімдік шығарған актілердің тіркеуін жүргізеді;
      11) әкімнің және әкімдіктің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;
      12) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асырады, іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылау және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуді қамтамасыз етеді;
      13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімімен, аудан әкімі орынбасарларымен және "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысымен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;
      14) негізгі қызмет бағыты бойынша ауданның атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
      15) аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының, ауданның атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдерінің жұмыстағы бар кемшіліктерді шеттету бойынша қабылданған шаралардың орындалуын тексеруді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда мәселені әкімдіктің отырысына енгізу;
      16) жергiлiктi мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқығы мен міндеттері:
      1) "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы ережеде қаралған негізгі тапсырмалар мен функцияларын іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан өзінің құзыреті шегінде қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсініктеме беруге;
      3) аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте атқарушы органдардың, сондай–ақ олардың қарамаңындағы ұйымдардың жұмыстарын тексеруді іске асыруға;
      4) сұраныстар мен тапсырмалардың орындалуына мерзімдер белгілеуге;
      5) аудандық мәслихат аппаратымен өзара іс-әрекетте болуға;
      6) Қазақстан Республикасының Конституциясын, оның заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      18. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқару жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға персоналдық жауапкершілікке ие аудан әкімі аппаратының басшысымен жүзеге асырылады.
      19. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лаузымнан босатылады.
      20. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
      2) "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарып, нұсқау береді;
      3) "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа да мекемелерде танытады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіпте және жағдайда "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүліктерімен және ақша қаражаттарымен иелік етеді;
      5) "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар жоспарын, жылдық қаржыландыру есебін бекітеді;
      6) өзінің өкілеттігі шеңберінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы талаптарының орындалуына тікелей жауап береді және онда қаралған тәртіптік шаралар қолданады;
      7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;
      8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді іске асырады;
      "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда оқшауландырылған мүлікті жедел басқару құқығы бар.
      "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай–ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік мемлекеттік иелігіне жатады.
      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 . "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады