"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 71 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 3810 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 19.04.2016 № 62 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 282 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 3606 тіркелген, "Пульс района" газетінде 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 3 (6831), "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 2 (511) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 71 қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық - құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттiк тiлде атауы бар мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктерi, қазынашылық органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары бар.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, бөлім мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 070400, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарының тұлғасында мемлекет болып табылады.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Бородулиха ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы: мәдениет, тілдерді қолдану, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
      16. Бөлімнің міндеттері:
      1) аудан аумағында тiлдік саланы, мәдениет және өнерді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) мемлекеттiк органдарда iс жүргiзуде негiзгi тiл ретiнде мемлекеттiк тiлдің қызметін қамтамасыз ету;
      3) тұрғындардың мәдени деңгейiн көтеру үшiн мәдени мұраларды мәдени-ағарту ұйымдарымен кеңiнен пайдалану және қорғау бойынша шаралар қабылдау;
      4) мәдениет, тiлдердiң қолдану, дене шынықтыру және спорт саласында заңды-нормативтік актiлердi іс жүзінде жүзеге асыру барысын насихаттау бойынша халық арасында кешендi ақпараттық-түсiндiру шараларын өткiзу;
      5) адамгершiлiк және эстетикалық тәрбиелеуде мәдени және бос уақытты өткiзу ұйымдары мен мәдениет мекемелерiнiң маңызын көтерудi қамтамасыз ету;
      6) кiтапханалық, музыкалық, мұражайлық және өнер, халық шығармашылығы, көркемөнерпаздың басқа да түрлерiн дамытуға көмек көрсету;
      7) мәдениет және тiлдердiң қолдану саласындағы практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ ұлтаралық келiсiмдi нығайту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.
      8) аудан аумағында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
      9) бұқаралық спорт, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының сынақтарын орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылау;
      11) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана мен мұражай ісі, мәдени-бос уақыт жұмысы саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстарды өткізуді жүзеге асырады;
      4) ауданның мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының аттестациясын өткізеді;
      5) өз құзыреті аясында мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
      7) ауданның бір мемлекеттік кітапханасына "Орталық" мәртебесін береді;
      8) облыстың атқарушы органдарына әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
      9) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етедi;
      10) ауданның мәдени, спорт бағыттағы нысандарын жөндеу және қалпына келтіру, салу бойынша тапсырыс беруші болып шығады;
      11) ауданның жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi аясында тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      12) аудан аумағында тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      13) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді;
      14) аудан халқына қазақ тілін және басқа тілдерді оқуға жағдай жасайды.
      15) ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      16) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдау;
      17) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастыру;
      18) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды дайындау және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      19) аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
      20) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      21) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
      22) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi сияқты бiлiктiлiк санаттарын беру;
      23) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай аумақтық күнтізбені жүзеге асыру;
      24) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіру;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуы жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру;
      26) аккредиттелген аймақтық және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
      27) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      28) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізуде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      29) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру мен олардың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      30) спорттық ұйымдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
      31) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
      32) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикада пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;
      33) мүгедектерге дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына баруға жағдай жасау, арнайы спорттық мүлікті беруді қамтамасыз ету;
      34) мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын жасау;
      35) барлық мекемелерде құзыреті шегінде мәселелерді қарауда аудан мүддесін ұсыну;
      36) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бородулиха ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орган қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
      2) "Бородулиха балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.
      3) "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4) "Бородулиха ауданы мәдениет бөлімінің Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
      5) "Бородулиха ауданының Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады