Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 06.03.2015 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Г. Акулов |
Бородулиха ауданы |
"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар болады.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай аудан әкімдігімен бекітіледі.
8. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бірлік көшесі, 88, индекс 070400.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында функцияларды жүзеге асыру.
14. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді;
2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан ауданның құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылау;
4) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.
15. "Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдау;
3) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзу;
4) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
5) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;
6) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
7) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру;
9) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асыру;
10) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру;
12) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастыру және бекiту;
13) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
14) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
15) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
16) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
17) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
18) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;
19) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасау, арнайы спорттық мүкаммалды берудi қамтамасыз ету;
20) мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
21) барлық мекемелерде құзыреті шегінде мәселелерді қарауда мемлекеттің мүдделерін ұсыну;
22) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
16. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
2) конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;
3) дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;
4) дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған бағдарламаларды, жоспарларды жүзеге асыру;
5) мекеме әзірлеуші болып табылған әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
6) заңнамамен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан мекеменің құзіретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажет материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) сапарлар, сынақтаманы, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
9) банк есепшоттарын ашады;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
14) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
20. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жекеше мүлкі болуы мүмкін.
"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншік иесімен және өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгдей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және қысқарту
23. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт |
|
бөлімінің басшысы |
Бычковский А. М. |