Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 3999 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 16.03.2016 № 45 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамыр
№ 149 қаулысына 1 қосымша

Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемасы

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 25.08.2015 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Тікелей бағыт
Кері бағыт
1
- Знаменка ауылы – "Н. Островский атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Бородулиха ауылы – 15 км
"Н. Островский атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Бородулиха ауылы – Знаменка ауылы 15 км
2
- Жаңа Ауыл ауылы – "Т. Аманов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Петропавловка ауылы – 5,5 км
"Т. Аманов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Петропавловка ауылы – Жаңа ауылы - 5,5 км
3
- Барышовка ауылы – "Жалпы білім беретін Успенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - 7 км
- Поднебесное ауылы – "Жалпы білім беретін Успенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - 7 км
- "Жалпы білім беретін Успенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Поднебесное ауылы - 7 км
- "Жалпы білім беретін Успенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Барышовка ауылы - 7 км
4
- Орловка ауылы – "Жезкент кентінің экономикалық мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң, Жезкент кенті - 10 км
- "Жезкент кентінің экономикалық мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Орловка ауылы - 10 км
5
- Орловка ауылы – "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң -10 км
- Орловка ауылы – "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң -10 км
- Орловка ауылы – "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң -10 км
- "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Орловка ауылы 10 км
- "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Орловка ауылы 10 км
- "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Орловка ауылы 10 км
6
- Знаменка ауылы – "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 13 км
- Дмитриевка ауылы - "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 11 км (1 автобус)
- Дмитриевка ауылы - "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 11 км (2 автобус)
- Михайличенково ауылы - "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 18 км
- "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Михайличенково ауылы - 18 км
- "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Дмитриевка ауылы - 11 км (1 автобус)
- "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Дмитриевка ауылы - 11 км (2 автобус)
- "Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң Дмитриевка ауылы – Знаменка ауылы - 13 км
7
- Боровое ауылы – "Киров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
- "Киров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Боровое ауылы – 15 км
8
- Петропавловка ауылы – "Зубаир орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 10 км
- Байтанат ауылы - "Зубаир орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 14 км
- "Зубаир орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Байтанат ауылы - 14 км
- "Зубаир орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң –Петропавловка ауылы - 10 км
9
- Романовка ауылы - Михайловка ауылы – "Камышенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 17 км
- "Камышенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Михайловка ауылы, Романовка ауылы – 17 км
10
- Сарноғай ауылы – "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 6 км
- Дюсекен станциясы – "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 17 км
- Новопокровка ауылының өткелі -"Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 3 км
- "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Новопокровка ауылының өткелі - 3 км
- "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Дюсекен станциясы – 17 км
- "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Сарноғай ауылы – 6 км
11
- Қарағайлы ауылы – "М. Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 13 км
- Сарноғай ауылы - "М. Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 6 км
- Новопокровка ауылының өткелі - "М. Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 3 км
- "М. Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Новопокровка ауылының өткелі - 3 км
- "М. Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Сарноғай ауылы - 6 км
- "М. Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Қарағайлы ауылы – 13 км
12
- Березовка подхозы - Березовка санаторийі - Сосновка ауылы – "Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 22 км
- 2 ауысым - Березовка подхозы - Березовка санаторийі - Сосновка ауылы – "Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 22 км
- "Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Сосновка ауылы - Березовка санаторийі - Березовка подхозы – 22 км
- 2 ауысым - "Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Сосновка ауылы - Березовка санаторийі - Березовка подхозы - 22 км
13
- Девятка ауылы- Речное ауылы – "Красный Яр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 16 км
– "Красный Яр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Речное ауылы - Девятка ауылы – 16 км
14
- Богомолово ауылы – "Буркотов ауылының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 5 км
- "Буркотов ауылының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Богомолово ауылы – 5 км
15
- Боровлянка ауылы - Пол-лог ауылы – "Жерновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - 17 км
- "Жерновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Пол-лог ауылы - Боровлянка ауылы – 17 км
16
- Пол-лог ауылы – "Жалпы білім беретін Боровлянка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 4 км
- "Жалпы білім беретін Боровлянка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Пол-лог ауылы – 4 км
17
- Ново-Васильевка ауылы - Алексеевка ауылы – "2-ші Пятилетка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 13 км.
- "2-ші Пятилетка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Алексеевка ауылы - Ново-Васильевка ауылы – 13 км
18
- Коростели ауылы – "Аул бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 3 км
- Тарск ауылы – "Аул бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 3 км
- Қазбек ауылы – "Аул бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 3 км
- "Аул бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Коростели ауылы – 3 км
- "Аул бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Тарск ауылы – 3 км
- "Аул бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң - Қазбек ауылы – 3 км
19
- Андроновка ауылы – "Переменовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 5,5 км
- Ремки ауылы – "Переменовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 10 км
- "Переменовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Андроновка ауылы – 10 км
- "Переменовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Ремки ауылы – 10 км
20
- Аул ауылы – "Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 3 км
- Тарск ауылы - "Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 15 км
- "Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Аул ауылы – 3 км
- "Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Тарск ауылы - 15 км
21
- Белағаш станциясы – "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 5,5 км
- Бековка ауылы – "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 20 км
- Орловка ауылы – "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 13 км
- 41 разъезд - "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 26 км
- Вознесеновка ауылы - "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 27 км
- "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Белағаш станциясы – 5,5 км
- "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Бековка ауылы – 20 км
- "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Орловка ауылы
- "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 41 разъезд - 26 км
- "Краснополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Вознесеновка ауылы - 27 км
22
- Солоновка ауылы - Ключики ауылы – "Комаров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 25,4 км
- Потапенково ауылы – "Комаров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – 28 км
- "Комаров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Ключики ауылы - Солоновка ауылы– 25,4 км
- "Комаров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – Потапенково ауылы – 28 км
23
- Ивановка ауылы – Сосновка ауылы - "Березовка" подхозы - "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алындағы алаң - 18 км
- Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – подхоз "Березовка" - Сосновка ауылы – Ивановка ауылы – 18 км

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамыр
№ 149 қаулысына 2 қосымша

Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
      4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
      7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
      9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
      11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
      12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
      16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепетеңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2. Қорытынды ережелер

      20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады