РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3999 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 54 (563), "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 54 (6882) жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 23 жолмен толықтырылсын:
"Ивановка ауылы – Сосновка ауылы - "Березовка" подхозы - "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алындағы алаң - 18 км", "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – подхоз "Березовка" - Сосновка ауылы – Ивановка ауылы – 18 км".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. Акулов |