Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12-12-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10-бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабының 1 - тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Бородулиха аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 21-11-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3302 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 38, "Пульс района" газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 39 сандарында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В Ежова |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |